05 Маус 2020
Материал Золотой петушок

Біз туралы

Құрметті ата-аналар!

      №19 «Золотой петушок» бөбекжайы - 1990 жылы ашылды. Бөбекжайымызда 6 топ қызмет жасайды, оның ішінде  3 топ мемлекеттік тілде, 3 топ орыс тілінде. Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасалынған. Ойын, жатын, асхана, дәрігерлік кабинеттері толық жабдықталып қамтылған. Бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін тәрбиешілермен қатар медбике, психолог, саз жетекшісі,  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері, хореограф, дене шынықтыру нұсқаушысыда жағдай жасап тәрбие беруде. Оқу-тәрбие жұмысы мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес білім мазмұнын жаңартылған 5 саласы бойынша ұйымдастырылады. Олар: денсаулық, әлеумет, таным, коммуникация, шығармашылық бағыттарын қамтиды. Бөбекжай ұжымы жаңа стандарттарды енгізу жағдайына бейімделіп,  қалалық, облыстық  семинарына қатысып, тәрбиелеп отырған балаларын биіктен көрсету үшін түрлі байқауларға қатысып дипломдар мен сертификаттарға да иеленуде. Бала – біздің болашағымыз. Бөбекжайдағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Бөбекжайда бала өзінің қатарластарымен және үлкендермен тіл табысуға үйренеді, мұнда мінез-құлқының ең маңыздысы қаланады. Сондықтан балабақша - үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі.

Атауы: № 19 "Золотой петушок" бөбекжайы
Тәрбие беру тілі: Қазақ, Орыс
Тип: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: Тарифтік жоспарға сәйкес (көру үшін басыңыз) Білім беру қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік: 2 жастан 3 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 3 жастан 4 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; 4 жастан 6 жасқа дейін:0 теңге бір ай үшін; Тамақтану қызметтерінің тарифтік жоспары Жалпы білім беретін топ, толық күндік, үлгілік тамақтандыру рационы: 2 жастан 3 жасқа дейін:9000 теңге бір ай үшін; 3 жастан 4 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; 4 жастан 5 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; 4 жастан 6 жасқа дейін:12000 теңге бір ай үшін; Жеңілдік қызметтерінің тарифтік жоспары Қарастырылмаған
Жұмыс тәртібі: Бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-ден 18:00 дейін
Кезекші топ: 18:00-ден 19:00 дейін (тегін)
Қосымша жабдықтау: Психолог кабнеті; ағылшын тілі кабинеті
Телефон: +7 (7112) 50-94-30
Web-сайт: https://zolotoj-petushok.bilim-oral.gov.kz/
Мекен-жай: Орал қаласы, Темір Масин көшесі, 44 үй

ТАӘ: Карылга Сагингалиевна Аянгалиева
Лауазымы Директор
Жасы: 46 жас
Санаты: Жоғары
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 8 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  1 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 140 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 139 адам

Балалар топтардың саны: 6


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Балапан Қазақ 26 1 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Карапуз Орыс 25 0 Қарапайым

4-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Почемучка Орыс 23 1 Қарапайым
Болашақ Қазақ 20 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Солнышко Орыс 23 0 Қарапайым
Балдырған Қазақ 22 0 Қарапайым